Тілдер декадасы аясында 9-сынып оқушылары арасында «Ұлт ұстазының ізімен» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.
Квесттің негізгі мақсаты – оқушыларға ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылық мұрасын терең таныстыру, тарихи-танымдық білімдерін кеңейту, ана тіліне деген құрметін арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Ойын барысында оқушылар бірнеше топқа бөлініп, арнайы дайындалған кезеңдер бойынша тапсырмаларды орындады. Қатысушылар тарихи деректерді анықтап, жұмбақтар мен логикалық тапсырмаларды шешіп, шығармашылық және ізденіс жұмыстарын орындау арқылы өз білімдерін сынады.
