«Бейнеу гимназиясы» КММ-де 5–6 сынып оқушылары арасында футболдан мектеп лигасы ұйымдастырылып, тартысты жарыс өтті.
Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, футболға деген қызығушылығын дамыту және командалық бірлік пен өзара қолдауды қалыптастыру.
Жас спортшылар алаңда өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және спорттық шеберлігін көрсетіп, әр ойын сайын жеңіске деген жігерлерін таныта білді. ⚽️🏃♂️
Мұндай жарыстар оқушыларды белсенді өмір салтына баулып қана қоймай, жауапкершілікке, тәртіпке, ұйымшылдыққа және командалық рухқа тәрбиелейді.
Спорт – денсаулық кепілі, ал командалық ойын – достық пен бірліктің негізі! 🏆
