Skip to content

«Отбасы – жүрекжарды хат»

Отбасы – әр баланың жүрегіне жылу сыйлайтын, қуанышы мен қиындығын бірге бөлісетін ең қымбат жандар мекені. Осы орайда оқушылардың отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігі мен ризашылығын білдіру мақсатында «Отбасы – жүрекжарды хат» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар ата-аналарына, ата-әжелеріне және отбасы мүшелеріне арнап жүрекжарды хаттарын жазып, өздерінің ыстық ықыласы мен шынайы тілектерін қағаз бетіне түсірді. Әр хаттан бала жүрегіндегі сағыныш, алғыс, құрмет пен мейірім сезімі көрініс тапты.

Жүректен шыққан әрбір сөз – отбасыға деген шынайы махаббаттың белгісі.