Skip to content

«Бала – өмір гүлі» атты ата-аналарға арналған тренинг

Бала тәрбиесі – отбасы мен мектептің бірлескен еңбегін қажет ететін маңызды міндет. Осы орайда ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, балаға дұрыс қолдау көрсету және ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті нығайту мақсатында «Бала – өмір гүлі» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг барысында ата-аналар балаға көңіл бөлудің, жылы қарым-қатынас пен қолдаудың маңыздылығы туралы ой бөлісіп, түрлі психологиялық жаттығулар мен тапсырмаларға қатысты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесіне қатысты құнды ойларымен бөлісті.

Балаға берілген мейірім мен жылулық – оның жарқын болашағына бастар жол!